Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды •

    Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды

    Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды

    Фото: polisia.kz

    Қазақстанда «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1500-ден астам медициналық мекеме мен дәріхана тексерілді. Нәтижесінде 249 құқық бұзушылық анықталып, 28 мың қауіпті дәрілік заттың айналымына шектеу қойылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Операцияның кезекті кезеңі 21-25 қыркүйек аралығында өтті. ІІМ қызметкерлері денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, құрамында психотроптық және күшті әсер ететін заттары бар дәрілік заттардың айналымы ережелерінің сақталуын тексерді. Мұндай препараттарды рецептсіз сату, оның ішінде кәмелетке толмағандарға өткізу фактілеріне ерекше назар аударылған.

    Дәріханалар мен медициналық мекемелерден бөлек, 142 өнеркәсіптік кәсіпорын тексерілді. 249 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Құрамында есірткі бар 28 мың дәрілік заттың айналымы шектелді. Операция барысында ІІМ қызметкерлері күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қатысты бірнеше деректі анықтады. Петропавлда жүзуден жаттықтырушы ұсталып, одан 56 дана күшті әсер ететін заттар таблеткасы тәркіленді.

    Түркістандағы дәріханалардың бірінде мұндай препараттарды лицензиясыз сату фактісі тіркелді. Ол жерден 5 мыңнан астам таблетка алынды. Оралда лицензиялау талаптарын бұзғаны үшін 500 тонна тұз қышқылының айналымына шектеу қойылды.

    ІІМ химиялық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымнан заңсыз айналымға өтпеуін бөлек тексерді. Нәтижесінде 675 тонна түрлі прекурсорлардың айналымы шектеліп, 90 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    ІІМ 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда күшті әсер ететін заттарды заңсыз иемденгені, сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін ескертті. Мұндай бұзушылықтар үшін бес жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →