Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті • Экономист: Әлемдік тарифтер мыс өңдеудің нақты шығынын әрдайым көрсете бермейді • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының инфрақұрылымын жаңартуға 4,4 млрд теңге бағыттады • Көкшетауда бойжеткен жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеткен • Qazaq Oil бензинінің сапасына күмән бар: тұрғын тәуелсіз сараптама жасатпақ • Маңғыстауда турист шатқалға құлап кетті • Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті • Экономист: Әлемдік тарифтер мыс өңдеудің нақты шығынын әрдайым көрсете бермейді • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының инфрақұрылымын жаңартуға 4,4 млрд теңге бағыттады • Көкшетауда бойжеткен жүріп бара жатқан көліктен секіріп кеткен • Qazaq Oil бензинінің сапасына күмән бар: тұрғын тәуелсіз сараптама жасатпақ • Маңғыстауда турист шатқалға құлап кетті •

    Әнші Садраддин концертінде Маңғыстауда қаза болған сарбаздарға ән арнады

    Әнші Садраддин концертінде Маңғыстауда қаза болған сарбаздарға ән арнады

    Фото: видеодан скрин

    Садраддин 27 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда жеке концертін өткізді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Әншінің концерті жоспарланған уақыттан жарты сағат кешігіп, 19:30-да басталды. Садраддин сахнаға ғарышкер бейнесінде, скафандр киіп жоғарыдан түсті. Ол кешті «Үйге» және «Грустный танец» әндерімен ашты.

    Концерттің екінші бөлімі лирикалық композицияларға арналды. Стадионның ортасына арнайы қойылған екінші сахнаға шыққан әнші Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздарды еске алып, оларға бір ауыз сөз арнады. Кейін әскери қызметшілерге арналған «Ант» әнін орындады. Сондай-ақ «Ана» және «Түн» композицияларын шырқады.

    Екі сағатқа созылған кеш барысында әнші 20-ға жуық ән орындады. Олардың қатарында жаңа тректері де болды. Садраддин концертте Ливан әншісі Махер Зейн, украиналық орындаушы Adro және қырғыз рэпері Bakr-мен бірге дуэт орындады.

    Айта кетейік, концерттің алдын ала бағдарламасында ИК тобының да өнер көрсететіні жазылған еді. Алайда танымал топ сахнадан көрінбеді.

    Бастапқыда Садраддиннің Алматыдағы концерті 26 және 27 қыркүйекке жоспарланған болатын. Алайда Маңғыстауда әскери оқу-жаттығу кезінде сарбаздардың қаза болуына байланысты 25 қыркүйекте Қазақстанда қаралы күн жарияланды. Осыған байланысты әнші концерттерін 27 және 28 қыркүйекке ауыстырған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →