Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстанда екі орман өрті тіркеліп, толық сөндірілді

    27 қыркүйекте Қарағанды облысы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркінде екі орман өрті тіркеліп, олар толық сөндірілді. Себебі — дала отының орманға өтуі.

    Қазақстанда екі орман өрті тіркеліп, толық сөндірілді

    Сурет: istockphoto

    27 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында екі орман өрті болғаны анықталды. Оның біреуі Қарағанды облысында, екіншісі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орын алған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті бақылауы кезінде белгілі болды. Оларды сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары және арнайы техника жұмылдырылды.

    Қазіргі уақытта екі өрт те толық сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттер даладағы оттың орман қоры аумағына өтуінен туындаған.

    Мамандар азаматтарды өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, отты пайдаланғанда барынша сақ болуға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →