Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 27 қыркүйек 2026 $ 442,0↓€ 502,5↓₽ 5,20↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Хайрушевтің қызы тергеу аяқталмай тұрып қорытынды жасамауға шақырды • Бекмұрат Жүсіпов: Қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қолдау жалғасуда • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеру жөніндегі комиссия құрды • Сұлтан Заурбек 21-ші жеңісін алып, әлем чемпионы атағына үміткер атанды • Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенттігіне сайлануымен құттықтады • Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды • Хайрушевтің қызы тергеу аяқталмай тұрып қорытынды жасамауға шақырды • Бекмұрат Жүсіпов: Қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қолдау жалғасуда • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеру жөніндегі комиссия құрды • Сұлтан Заурбек 21-ші жеңісін алып, әлем чемпионы атағына үміткер атанды • Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенттігіне сайлануымен құттықтады • Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды •

    Бекмұрат Жүсіпов: Қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қолдау жалғасуда

    Бекмұрат Жүсіпов қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккен әскери қызметшілерге қолдау көрсетіліп жатқанын және арнайы қор құрылғанын мәлімдеді.

    Бекмұрат Жүсіпов: Қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қолдау жалғасуда

    Сурет: Видеодан скриншот

    Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі әрі Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов арнайы мәлімдеме жасады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккен әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

    «Құрметті қазақстандықтар! Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккен әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр», – деді Бекмұрат Жүсіпов.

    Сонымен қатар ол келіп жатқан қаражатты жинақтау мақсатында арнайы қор құрылғанын айтты.

    «Сонымен қатар, келіп жатқан қаражатты жинақтау мақсатында арнайы қор құрылды. Осы қордың қызметін бақылау жөніндегі комиссияға жетекшілік етуді маған, яғни Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповке сеніп тапсырылды», – деді ол.

    Бекмұрат Жүсіпов қазіргі уақытта қорда қаражат жинақталғанын атап өтті.

    «Қазіргі уақытта қорда қаражат жинақталды. Бұл Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері, Құрылтай депутаттары, саяси партиялар, кәсіпкерлер, демеушілер және басқа да жанашыр азаматтарымыздың арқасында мүмкін болып отыр. Осыған байланысты, қаражат жинақтау ресми түрде аяқталды», – деді комиссия жетекшісі.

    Оның айтуынша, жақын арада жиналған қаражат қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге әділетті түрде және біркелкі бөлінеді.

    «Арнайы комиссияның жетекшісі ретінде жақын арада осы жиналған қаражат қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге әділетті түрде және біркелкі бөлінетінін сеніммен айтамын. Оның ашықтығын Комиссия құрамына кірген мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері де қадағалайды. Атқарылып жатқан жұмыстың барысы туралы сіздерге тұрақты түрде хабарлап отырамын», – деді Бекмұрат Жүсіпов.

    Сондай-ақ ол қаржылай көмектің қайғының орнын толтыра алмайтынын атап өтті.

    «Қаржылай көмек қайғының орнын толтыра алмайтынын түсінеміз. Дегенмен осындай ауыр жағдайда отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету – біздің парызымыз деп білеміз. Сіздер бұл ауыртпалықпен жалғыз қалмайсыздар. Сенім білдіріп, қайғыға ортақтасқан барша қазақстандықтарға алғыс айтамыз», – деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →