Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 27 қыркүйек 2026 $ 442,0↓€ 502,5↓₽ 5,20↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бекмұрат Жүсіпов: Қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қолдау жалғасуда • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеру жөніндегі комиссия құрды • Сұлтан Заурбек 21-ші жеңісін алып, әлем чемпионы атағына үміткер атанды • Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенттігіне сайлануымен құттықтады • Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды • «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті фестивалі Қостанай мен Ұлытауда өтті • Бекмұрат Жүсіпов: Қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қолдау жалғасуда • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеру жөніндегі комиссия құрды • Сұлтан Заурбек 21-ші жеңісін алып, әлем чемпионы атағына үміткер атанды • Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенттігіне сайлануымен құттықтады • Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды • «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті фестивалі Қостанай мен Ұлытауда өтті •

    Сұлтан Заурбек 21-ші жеңісін алып, әлем чемпионы атағына үміткер атанды

    Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек Австралияда Джексон Инглендті жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атанды.

    Сұлтан Заурбек 21-ші жеңісін алып, әлем чемпионы атағына үміткер атанды

    Видеодан кадр

    Австралияның Квинсленд қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО) рингке көтерілді. Ол австралиялық Джексон Инглендпен (19-3, 10 КО) жекпе-жек өткізді. Бұл белдесу IBF нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткерді анықтады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Сұлтан Заурбекке берілді. Төртінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді.

    Осылайша, Сұлтан Заурбек кәсіби мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізіп, әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығу мүмкіндігін алды. Ал Джексон Ингленд төртінші жеңілісін бастан кешірді. Қазіргі уақытта IBF нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Эмануэль Наваррете (40-2-1, 33 КО) болып табылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →