Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийге кеткен тағы 2 сарбаздың денесі табылды • Бас прокуратура Маңғыстаудағы жайтқа күдіктілер анықталғанын айтты • «Су бірнеше күнге жоғалады, жарық та тұрақсыз»: Қарағанды облысындағы ауыл тұрғындары мәселе көтерді • Азия ойындары: Жағажай волейболшылары Сергей Богату мен Кирилл Гурин Гонконг құрамасын жеңді • Қару кезеніп, ақша алды: Алматыда адамдарды бопсалаған күдіктілер ұсталды  • Экс-президент Назарбаев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Каспийге кеткен тағы 2 сарбаздың денесі табылды • Бас прокуратура Маңғыстаудағы жайтқа күдіктілер анықталғанын айтты • «Су бірнеше күнге жоғалады, жарық та тұрақсыз»: Қарағанды облысындағы ауыл тұрғындары мәселе көтерді • Азия ойындары: Жағажай волейболшылары Сергей Богату мен Кирилл Гурин Гонконг құрамасын жеңді • Қару кезеніп, ақша алды: Алматыда адамдарды бопсалаған күдіктілер ұсталды  • Экс-президент Назарбаев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты •

    37 сүңгуір, 20 тікұшақ пен 14 кеме: жүздеген құтқарушы Каспийде қос сарбаздың денесін таппады

    37 сүңгуір, 20 тікұшақ пен 14 кеме: жүздеген құтқарушы Каспийде қос сарбаздың денесін таппады

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған Үкіметтік комиссияның тапсырмасы бойынша Каспий теңізінің акваториясында тәулік бойы үздіксіз іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде.

    Іздестіру-құтқару жұмыстарына оқиға орнында тікелей басшылықты Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жүзеге асыруда. Құрылған жедел штабтың құрамына Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері кірді.

    Ауқымды іздестіру-құтқару операциясына 252 әскери қызметші мен қызметкер, 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ 4 тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Ведомстволардың күштері мен құралдарымен су айдыны, жағалау аймағы және оған іргелес аумақтар әуеден үздіксіз бақыланып, тексерілуде.

    Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу іс-шараларын жүргізуде. Қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккен әскери қызметшілерге қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі.

    Еске сала кетейік, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен әрі күрт нашарлап, желдің екпіні күшеюіне байланысты ашық теңізге 17 әскери қызметшіні алып кеткен болатын. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде үш әскери қызметші құтқарылды, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасуда. Өкінішке қарай, 12 әскери қызметші қаза тапты.

    Фото: ҚМ баспасөз қызметі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →