Каспийге кеткен тағы 2 сарбаздың денесі табылды
Фото: Pixabay
Каспийде екі әскери қызметшінің денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Осылайша қаза тапқандар саны 14-ке жетті.
Бұл туралы сүңгуір Арыстан Новрузов хабарлады.
Іздестіру жұмыстары аяқталды.
Айта кетейік, бұл іске 252 әскери қызметші, 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ 4 тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды.
Арыстанның айтуынша, шамамен 20 минут бұрын қаза тапқандардың денелері оқиға орнынан шығарылған. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысушылар құрал-жабдықтарын жинап, аумақтан шығуға дайындалып жатыр.
