Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийдегі әскерилердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды • Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады • Маңғыстаудағы қаза тапқан сарбаздар отбасыларына 125 миллион теңге көмек беріледі • Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады • Каспийдегі әскерилердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды • Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады • Маңғыстаудағы қаза тапқан сарбаздар отбасыларына 125 миллион теңге көмек беріледі • Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады •

    Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

    Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскерилерге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

    Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

    Фото: Кремль

    Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдап, Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілерге байланысты көңіл айтты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің Каспийдегі оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтып, қолдау білдіретінімді жеткізуіңізді сұраймын. Ресей халқы олардың қайғысына ортақтасады. Құрметпен, Владимир Путин», делінген жеделхатта.

    Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында болды. Әскери қызметшілер Каспий жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқанда ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген. Сол кезде оларды теңізге алып кеткен.

    Алғашында теңізге 19 адам кеткені хабарланғанымен, Маңғыстау облысының әкімдігі кейін олардың саны 17 екенін нақтылады. Қазір 12 әскери қызметшінің қаза тапқаны белгілі. Үшеуі құтқарылған, олардың біреуі ауруханада жатыр. Қалғандарын іздеу жалғасып, оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.

    Қайғылы оқиғаның себебін анықтап, марқұмдардың отбасыларына көмек көрсету үшін үкіметтік комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.

    Бас прокуратура әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

    Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі де марқұмдардың отбасылары мен Қазақстан халқына көңіл айтты.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскерилердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →