Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақстан экономикасы үшін жаңа “кен орны” ашылғанмен бірдей» – Тоқтар Жақаш IT экспорты туралы • Тамирлан Тілеулес ел қоржынына тарихи алтын сыйлады • Бүгін футболан Ұлттық құрама Молдовамен кездеседі • Айбек Оралбай бокстан екінші алтынды қоржынға салды • Тоқаев технологиялық алпауыттардың AI жөніндегі келісімін жаһандық үлгі ретінде бағалады • «Әйелі екеуінің арасына түскені үшін»: Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады • «Қазақстан экономикасы үшін жаңа “кен орны” ашылғанмен бірдей» – Тоқтар Жақаш IT экспорты туралы • Тамирлан Тілеулес ел қоржынына тарихи алтын сыйлады • Бүгін футболан Ұлттық құрама Молдовамен кездеседі • Айбек Оралбай бокстан екінші алтынды қоржынға салды • Тоқаев технологиялық алпауыттардың AI жөніндегі келісімін жаһандық үлгі ретінде бағалады • «Әйелі екеуінің арасына түскені үшін»: Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады •

    «Қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз»-Тоқаев Украина туралы ұстанымын білдірді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын тағы да айқындады, деп хабарлайды Qazaq.today Ақордаға сілтеме жасап.

    «Мен бұл күрделі мәселеге қатысты ұстанымымызды айқындадым. Біріншіден, біз БҰҰ жарғысын қатаң сақтауымыз керек. Әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымын әлемде теңдесі жоқ әрі әмбебап ұйым ретінде қолдауға тиіспіз. Екіншіден, біз Қытайдың, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің барлық бейбіт бастамасын қолдауымыз қажет. Сондықтан жақын арада Украинадағы қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз. Содан кейін әлемнің осы бөлігінде берік бейбіт өмір орнайтыны туралы сөз қозғай аламыз. Қазақстанға келетін болсақ, біз осы мақсатқа қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

    Сонымен қатар біз – Ресеймен стратегиялық серіктеспіз және бірнеше ұйымның мүшесі екенімізді атап өткен жөн. Сондықтан біздің мақсатымыз – екіжақты және халықаралық ұйымдар аясында өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін Ресеймен тығыз байланысты сақтау», — деді Мемлекет басшысы Германия Президентімен кездесуден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →