Семейде көлік жуу жанында газгольдер жарылып, өрт шықты
Семейдегі «Северный» шағын ауданында автомойка өртеніп, газгольдер жарылды. Жарылыс толқыны жүк көлігі мен екі тұрғын үйге тарады. Құтқару жұмыстары жалғасуда.
Видеодан кадр
Семей қаласындағы «Северный» шағын ауданында орналасқан Сосновая көшесінде көлік жуу орталығы өртеніп, тұрғындарды дүрліктірген қуатты жарылыс болды. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келмей жатып, аумақтағы газгольдер жарылған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жарылыс толқыны соншалықты күшті болды, жалын бірден жанында тұрған жүк көлігіне және екі жекеменшік тұрғын үйге тарады. Қазіргі уақытта құтқарушылар күрделілігі жоғары деңгейде жұмыс істеуде. Төтенше жағдай орнында жедел штаб орналастырылып, су үздіксіз берілуде. Өртпен күрес жалғасуда.
Оқиғаның себептері мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат әзірге жоқ. Тілшілеріміз оқиға орнына аттанды. Біз жағдайдың дамуын қадағалап отырмыз.
