Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрболхан Шарапов пен Айсәуле Әбілдә әлеуметтік желіде пікір таластырды Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы алдында екі ойыншысынан айырылды Тұрғын үйлерге баратын жолды жапқан қоқыс: Шымкенттегі үйінді жойылды Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті Нұрболхан Шарапов пен Айсәуле Әбілдә әлеуметтік желіде пікір таластырды Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы алдында екі ойыншысынан айырылды Тұрғын үйлерге баратын жолды жапқан қоқыс: Шымкенттегі үйінді жойылды Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар «Әділет» жастар қанаты есірткіге қарсы рейдтерді жалғастыруда Астанада тұлғаны тану жүйесі іздеудегі 24 жастағы ер адамды ұстауға көмектесті

    Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар

    Бурятияда түсірілген, анасын перзентханаға шығарып салған екі баланың видеосы Қазақстанда кең тарады. Кейіпкер Белекмаа оқиғаның мән-жайын айтып берді.

    Бурятияда түсірілген видео Қазақстанда тарап кетті: анасын перзентханаға шығарып салған балалар

    Сурет: видеодан скриншот

    Әлеуметтік желіде анасын перзентханаға шығарып салып жатқан екі баланың видеосы кең тарап, көпшіліктің көңілін босатты. Tengri Life видео кейіпкерімен байланысып, оқиғаның мән-жайын анықтады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Видеоның басты кейіпкері – Бурятияда тұратын тува ұлтынан шыққан Белекмаа есімді әйел. Ол үш баланың анасы. Бір жыл бұрын көптен күткен қызы дүниеге келген. Әлеуметтік желіде тараған кадрлар дәл сол күні түсірілген.

    Белекмаа оқиғаның Қазақстанда болмағанын атап өтті. Ол Улан-Удэ қаласындағы перзентханада босанған.

    «Бұл видеоның, әсіресе Қазақстанда мұншалықты көп қаралым жинайтынын күтпедім. Көптеген адамнан жылы сөздер, тілектер мен алаңдаушылықтар келіп жатыр. Пікірлерді оқу өте жағымды», – деді Белекмаа.

    Әйелдің айтуынша, үйдің кіреберісінде камера бар екенін ол перзентханадан шыққаннан кейін ғана есіне түсірген. Кейін сол күнгі жазбаны сақтап үлгерген. Видео 2023 жылғы 12 қыркүйекте түсірілген, ал Белекмааның қызы 13 қыркүйекте дүниеге келген.

    «Видеон қарап отырып, бәрін ұмытып кеткенімді түсіндім, бәрі тұман ішіндегідей болды. Ұлымның мені қалай сүйіп, сипағаны есімде жоқ. Сондай-ақ кіші ұлымның жылағанын да білмеппін», – деді кейіпкер.

    Белекмаа ұлдарын босану сәтіне алдын ала дайындағанын айтады. Ол толғақтың кез келген уақытта басталуы мүмкін екенін түсіндіріп, перзентханаға қажетті заттар мен құжаттарды көрсеткен.

    Қазір оның үлкен ұлы Батый 14 жаста, ал кішісі Вова 9 жаста. Сол күні балалар каратэ жаттығуына кеткен. Алайда шамамен жарты сағаттан кейін әйелдің толғағы басталып, ол үлкен ұлына хабарласқан. Балалар үйге оралып, анасына жиналуға көмектескен.

    «Қан қысымымды өлшеп, басқа да процедуралар жасалғанша ұлдармен дұрыстап қоштасып үлгеремін деп ойладым. Соңында есікті бірден жауып, фельдшер балаларға үйге кіруді айтты. Кіші ұлымның бірден жылай бастағаны да содан болар», – деп бөлісті кейіпкер.

    Белекмаа бұл видеоны алғашында қызының бірінші туған күніне орай Instagram желісінде жариялаған. Бастапқыда ол жазбаны тек күйеуі мен жақындарына көрсетуді жоспарлаған.

    «Видеоның бұлай тарап кететінін күтпедім. Өкінішке қарай, бұл пабликтердің ешқайсысы менің аккаунтымды белгілемеді. Тіпті мені қазақ деп, оқиға Қазақстанда болды деп ойдан шығара бастады», – деп атап өтті ол.

    Әлеуметтік желі қолданушылары видеоның астына жүздеген жылы пікір қалдырып, балалардың анасына деген қамқорлығына тәнті болған.

    Белекмааның айтуынша, бұл пікірлерді оның ұлдары да оқып жүр. Балалар бейтаныс адамдардың олардың отбасы үшін алаңдап, соншама жылы сөз жазғанына таңғалған.

    «Біздің видеомыздың 3,5 миллионға жуық адамды тебірентетінін күтпедім. Әрбір пікірді оқып отырмын, сіздер айтқан барлық жылулық, қуаныш пен бақ-береке әр адамға екі есе болып қайтсын», – деп тілегін білдірді кейіпкер.

    Қазір Белекмааның көптен күткен қызы өсіп келеді. Ал әлеуметтік желіге тараған видео анасы мен ағалары үшін отбасылық естелікке айналған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →