Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қытайда фабрикада болған өрттен сегіз адам қаза тапты

    Қытайда фабрикада болған өрттен сегіз адам қаза тапты
    Фото: x.com/@haribhoomicom

    20 қыркүйекте Қытайдың оңтүстігіндегі Фошань қаласында орналасқан тоқыма фабрикасында өрт шығып, салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алған. Бұл туралы Anadolu агенттігіне сілтеме жасаған Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Жарияланымда өрт жексенбі, 20 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында басталғаны айтылған.

    «Фошань қаласы елдің оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында орналасқан. Құтқару жұмыстары жалғасуда. Билік әзірге өрттің шығу себебі мен адамдардың қаза болуына қатысты қосымша ақпарат берген жоқ», — делінген жарияланымда.

    Құтқарушылар оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →