Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бернли» «Кардифф Ситиге» қарсы матчқа Сатпаевсыз құрам жариялады • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аяқталды • Астанада әзілкеш сахнадағы балағат сөзі үшін 20 АЕК айыппұл төледі • Актриса Лидия Федосеева-Шукшина қайтыс болды • Қазақстан мен Қытай деректер экономикасы үшін цифрлық көпір салады • «Қызылжар» клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды • «Бернли» «Кардифф Ситиге» қарсы матчқа Сатпаевсыз құрам жариялады • Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аяқталды • Астанада әзілкеш сахнадағы балағат сөзі үшін 20 АЕК айыппұл төледі • Актриса Лидия Федосеева-Шукшина қайтыс болды • Қазақстан мен Қытай деректер экономикасы үшін цифрлық көпір салады • «Қызылжар» клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға іздеу жарияланды •

    Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті

    Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті

    Фото: vk.com/ramzan

    Шешенстанның қазіргі басшысы Рамзан Қадыров сайлауда кезекті рет жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясы барлық бюллетеньді өңдеп болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Рамзан Қадыров хаттамалардың 100 пайызын өңдеу қорытындысы бойынша 99,85% нәтижемен Шешенстан басшысы болып қайта сайланды. Ресейлік басылымның жазуынша, бұл ол қатысқан үшінші тікелей сайлау болды. Қадыров 2021 жылы – 99,7%, ал 2016 жылы 97,94% дауыс жинаған.

    Солтүстік Кавказ федералды округіндегі жеті өңірдің ішінде Шешенстан мен Ставрополь өлкесінде ғана өңір басшылары тікелей сайланады. Қалған барлық республикаларда басшыны президенттің ұсынуы бойынша парламент бекітеді.

    Бұл жолғы сайлауға «Әділетті Ресей» партиясы атынан республиканың Қоғамдық палатасының төрағасы Исмаил Денильханов, Ресей Федерациясы Коммунистік партиясы атынан өңірлік парламент депутаты Халид Накаев та қатысты. Олардың әрқайсысы сайлауда 0,05%-дан дайысқа ие болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →