Биолог пәтердегі ауаны тазартатын үздік өсімдіктерді атады
Биолог Дмитрий Сафонов пәтердегі ауаны тазартатын үздік өсімдіктерді атады: хлорофитум, спатифиллум және фикус. Олар зиянды заттарды сіңіріп, ауаны ылғалдандырады.
Сурет: istockphoto
Биолог Дмитрий Сафонов РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында тұрғын үйдегі ауаны ең тиімді тазартатын өсімдіктерді атап өтті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Маманның сөзінше, бұл тізімді хлорофитум бастайды. «Бұл – күтімі өте жеңіл өсімдік әрі бөлме гүлдерінің арасында нағыз чемпион. Мысалы, ол формальдегид секілді зиянды заттарды жақсы сіңіреді», – деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ спатифиллум ауаны жақсы ылғалдандырып, бензол мен аммиак тәрізді зиянды қосылыстарды сіңіреді. Ал фикус шаңды тиімді ұстап, ауаны оттегімен қанықтырады.
