Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақстан экономикасы үшін жаңа “кен орны” ашылғанмен бірдей» – Тоқтар Жақаш IT экспорты туралы • Тамирлан Тілеулес ел қоржынына тарихи алтын сыйлады • Бүгін футболан Ұлттық құрама Молдовамен кездеседі • Айбек Оралбай бокстан екінші алтынды қоржынға салды • Тоқаев технологиялық алпауыттардың AI жөніндегі келісімін жаһандық үлгі ретінде бағалады • «Әйелі екеуінің арасына түскені үшін»: Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады • «Қазақстан экономикасы үшін жаңа “кен орны” ашылғанмен бірдей» – Тоқтар Жақаш IT экспорты туралы • Тамирлан Тілеулес ел қоржынына тарихи алтын сыйлады • Бүгін футболан Ұлттық құрама Молдовамен кездеседі • Айбек Оралбай бокстан екінші алтынды қоржынға салды • Тоқаев технологиялық алпауыттардың AI жөніндегі келісімін жаһандық үлгі ретінде бағалады • «Әйелі екеуінің арасына түскені үшін»: Алматыда ұлынан зәбір көрген ананың видеосы тарады •

    Қазақстанға Германия президенті келді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Аса мәртебелі мейманды Астана әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

    Сапар аясында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.

    Сонымен қатар Германия Федералды Президенті Қазақстан және Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлеп, Қазақстан Президентімен бірге қазақ-герман бизнес форумына қатысады деп күтілуде.

    Бұдан бөлек, мемлекеттік сапар аясында Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына барады. Онда Қазақстан-Германия инженерлік институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытында сынама бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсіміне қатысады.

     

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →