Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады Аса ауқаттыларға 3% салық: 2030 жылға дейін 29,5 млн өлімнің алдын алу мүмкіндігі Еңбекшіқазақ ауданында қуаты жылына 120 мың тонна агрокешен салынуда Тоқаевқа Корея Президенті алғыс айтты Атырау облысында отбасын жоғалтқан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қайта қауышты Alatau City-ден мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстан мен Корея жаңа жобаларды талқылады «Астана Аренадағы» жасанды газон 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы алдында табиғи төсенішке ауыстырылады Аса ауқаттыларға 3% салық: 2030 жылға дейін 29,5 млн өлімнің алдын алу мүмкіндігі Еңбекшіқазақ ауданында қуаты жылына 120 мың тонна агрокешен салынуда Тоқаевқа Корея Президенті алғыс айтты Атырау облысында отбасын жоғалтқан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қайта қауышты Alatau City-ден мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстан мен Корея жаңа жобаларды талқылады

    Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті экономикалары рейтингінде 38-орынға тұрақтады

    Қазақстан IMD World Competitiveness Center рейтингінде 38-орынға тұрақтап, ТМД елдері ішінде жалғыз мемлекет атанды. Ел 65.4 ұпай жинады.

    Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті экономикалары рейтингінде 38-орынға тұрақтады

    Сурет: turkystan.kz

    Қазақстан әлемнің ең бәсекеге қабілетті экономикаларының халықаралық рейтингінде 38-орынға тұрақтап, ТМД елдері ішінде бұл тізімге енген жалғыз мемлекет атанды. Бұл туралы Швейцариялық IMD World Competitiveness Center орталығы жариялаған жаһандық зерттеу қорытындысында айтылған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Орталықтың жыл сайынғы зерттеуі әлемнің 70 елінің экономикасын төрт негізгі бағыт бойынша бағалайды: экономикалық өнімділік, мемлекеттік тиімділік, бизнес тиімділігі және инфрақұрылым. Биылғы тізімде Қазақстан 65.4 ұпай жинап, 38-орынға ие болды.

    Рейтингтің көш басында Сингапур (100 ұпай), Гонконг (95.6 ұпай), Швейцария (95.3 ұпай), Тайвань (94.3 ұпай), БАӘ (94.1 ұпай), Дания (94.1 ұпай), Ирландия (94.1 ұпай), Нидерланд (90.1 ұпай), Швеция (88.5 ұпай) және АҚШ (86.8 ұпай) сияқты әлемнің алдыңғы қатарлы 10 елдері орналасқан.

    Осы жаһандық тізімде Қазақстан өзінің көрсеткіштері арқылы Испания, Португалия, Польша, Италия және Аргентина сынды бірқатар мемлекеттерді артта қалдырып, жоғары сатыға тұрақтады.

    Елдің жеке профайлында негізгі төрт бағыт бойынша мынадай көрсеткіштер тіркелген. Мемлекеттік тиімділік (Government Efficiency) бойынша Қазақстан 63.0 ұпай жинап, 23-орынға тұрақтады. Ал Бизнес тиімділігі (Business Efficiency) бағытында 66.5 ұпаймен 23-орынды иеленді. Сонымен қатар Инфрақұрылым (Infrastructure) көрсеткіші 46.2 ұпайды құрап, ел бұл салада 43-орынға жайғасты, ал Экономикалық көрсеткіштер (Economic Performance) бағыты бойынша 43.5 ұпаймен 57-орынға тұрақтап отыр.

    Зерттеу аясында Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері де ұсынылған. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі 306.2 миллиард долларды құрап, ел бұл көрсеткіш бойынша 44-орынға ие болды. ЖІӨ (ТСҚ) жан басына шаққанда 45,286.3 долларға жетіп, 43-орынды еншіледі. Елдің нақты ЖІӨ өсімі 6.5%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша 6-орынға тұрақтап отыр. Сонымен қатар халық саны 20.4 миллион адамды (32-орын) құраса, жұмыссыздық деңгейі 4.6%-ды (31-орын) және тұтыну бағаларының инфляциясы 11.4%-ды (65-орын) көрсетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →