Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 11 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қамыс басқан қала: Көкшетауда уәде етілген жұмыс орындалмады Мүгедектігі бар адамдарға қанша жәрдемақы төленеді? 6 жылда өзгермеген жол: Орал тұрғындары батпақ кешіп жүр Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде «панда-облигация» орналастырып, рекорд орнатты «Қызымды қайтар!»: барни үшін қаза тапқан Мадинаның анасы ағыл-тегіл жылады (ВИДЕО) Шалқардағы шатақ: Ақтөбеде жас жігіт оқушының жүрегіне пышақ сұғып өлтіріп, тағы екі бозбаланы соққыға жыққан (ВИДЕО) Қамыс басқан қала: Көкшетауда уәде етілген жұмыс орындалмады Мүгедектігі бар адамдарға қанша жәрдемақы төленеді? 6 жылда өзгермеген жол: Орал тұрғындары батпақ кешіп жүр Қазақстан 6,6 млрд юань көлемінде «панда-облигация» орналастырып, рекорд орнатты «Қызымды қайтар!»: барни үшін қаза тапқан Мадинаның анасы ағыл-тегіл жылады (ВИДЕО) Шалқардағы шатақ: Ақтөбеде жас жігіт оқушының жүрегіне пышақ сұғып өлтіріп, тағы екі бозбаланы соққыға жыққан (ВИДЕО)

    Шалқардағы шатақ: Ақтөбеде жас жігіт оқушының жүрегіне пышақ сұғып өлтіріп, тағы екі бозбаланы соққыға жыққан (ВИДЕО)

    Шалқардағы шатақ: Ақтөбеде жас жігіт оқушының жүрегіне пышақ сұғып өлтіріп, тағы екі бозбаланы соққыға жыққан (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Ақтөбеде 17 жастағы оқушыны пышақтап өлтірді деп айыпталған студенттің ісі сотта қаралды. Сот отырысында марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған бозбала қылмысқа қорғану мақсатында барғанын айтып, ақталуға тырысты. Алайда марқұмның туыстары оның сөзін қабылдамай, сотталушыны қатаң жазалауды талап етіп отыр, деп жазады Qazaqtoday.info КТК-ға сілтеме жасап.

    Қанды оқиға осыдан жарты жыл бұрын Шалқар қаласында болғаны белгілі.

    Наурыз айының ортасында Шалқарда бозбалалар арасында жаппай төбелес болған. Жанжалдың екі топтың арасында болғанын Оралда жүрген сотталушы да естіген. Осыдан кейін ол Шалқарға арнайы келіп, қасына достарын ертіп, анасының көлігімен жолға шыққан. Қалтасына аңшы пышағын да салып алған.

    Шалқарға келген соң ол жолай кездескен екі оқушыны ұстап, соққыға жыққан. Олардың таяқ жеген сәтін телефонға видеоға түсірген. Осы кезде көмекке келгендердің қатарында 11-сынып оқушысы Әлихан Жәнібек те болыпты.

    Марқұм жасөспірім жанжалға араша түспек болған. Алайда сотталушы оның жүрек тұсына пышақ сұғып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Ауыр жарақат алған Әлихан сол жерде көз жұмған.

    Сотталушының бұған дейін де заң алдында жауапқа тартылғаны белгілі болды. Бір жыл бұрын ол адамды ұрып-соққаны үшін жазаға тартылған.

    Марқұмның туыстары сотталушының қанды қылмысқа өшпенділіктен барғанына сенімді.

    «Бір-ақ жарақат салып, адамды өлтіріп отыр. Қалай дәл тигізген? Мұндай соққыны тәжірибесіз адамның жасауы қиын деп ойлаймын. Ол ойламаған жерден келген адамға бір-ақ рет пышақ сұғып, дәл жүрек тұсынан жаралаған. Мұндай әрекетке белгілі бір тәжірибе керек сияқты. Біздің баламыз қыршыннан қиылды. Оның көрер қызығы, арманы алда еді. Бәрі бір сәтте үзілді», — дейді марқұмның туысы Ағила Алиманова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →