Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды •

    Әдеп бұзған депутат жалақысынан да, мандатынан да айырылуы мүмкін

    Әдеп бұзған депутат жалақысынан да, мандатынан да айырылуы мүмкін

    Фото: видеодан скрин

    Құрылтай депутаты Снежана Имашева депутаттарға қойылатын әдеп талаптары мен оны бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оның сөзінше, халық қалаулысы Құрылтайда белгіленген тәртіп пен депутаттық әдеп нормаларын сақтауға міндетті. Егер депутат бұл талаптарды бұзса, оған тиісті жаза қолданылуы мүмкін. Жауапкершілік жасалған әрекеттің сипаты мен деңгейіне қарай белгіленеді. Соның ішінде депутат белгілі бір мерзімге жалақысынан айырылуы ықтимал. Бұдан бөлек, әдеп нормаларын өрескел немесе бірнеше рет бұзған жағдайда жауапкершілік те күшейеді. Кейбір жағдайда мәселе депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға дейін баруы мүмкін. Яғни депутаттың мәртебесі оны белгіленген әдеп талаптары мен жауапкершіліктен босатпайды. Имашева бұл талаптар депутаттардың тәртібі мен жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →