Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды •

    Президент Рыбакинаны әлемдегі бірінші ракетка мәртебесімен құттықтады

    Президент Тоқаев Елена Рыбакинаны әлемдегі бірінші ракетка атануымен құттықтап, оның таланты мен еңбегін атап өтті. Спортшы US Open-да жеңіске жетіп, тарихи рекорд жасады.

    Президент Рыбакинаны әлемдегі бірінші ракетка мәртебесімен құттықтады

    Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны WTA рейтингісінде әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады. Бұл туралы президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram-арнасында жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жетістіктің артында зор еңбек пен өз күшіне деген сенім тұрғанын, ал Еленаның өзі жастар үшін нағыз үлгі болатынын атап өтті. Сонымен қатар, президент Рыбакинаның тек спорттық жеңістерін ғана емес, оның жоғары мәдениеті мен тәрбиесін де ерекше атады.

    «WTA рейтингісіндегі бірінші орын – сіздің феноменалды талантыңыздың, орасан еңбекқорлығыңыздың және өзіңізге деген берік сенімнің арқасында бағындырған спорттық шың. Бұл тарихи жетістікпен сіз қазақстандық спортты дәріптеп, әлемдік теннис шежіресіне өз атыңызды жаздыңыз. Сіздің жолыңыз еліміздің мыңдаған жас спортшылары мен планетамыздың түкпір-түкпіріндегі миллиондаған теннис жанкүйерлері үшін шабыттандыратын үлгі болып табылады. Сіздің кортта да, қоғамдық орындарда да әртүрлі адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениетіңізді атап өтпеуге болмайды, бұл сіздің интеллектіңіз бен тәрбиеңізді айқын көрсетеді», — делінген құттықтауда.

    Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің бірінші ракеткасына чемпиондық көңіл-күйді сақтап, жаңа жеңістерге сенімді қадам жасауын тіледі.

    Естеріңізге сала кетейік, Елена Рыбакина US Open ширек финалында қытайлық Циньвэнь Чжэнні жеңіп, Қазақстан тарихында тұңғыш рет WTA әлемдік рейтингінде көш бастайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →