Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 9 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті Ақтөбеде ауруханаға түскен сарбазға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды Президент Қаржы нарығын реттеу агенттігі төрағасының есебін тыңдады «Тасмағамбетовтерді тонаған кім?»: Жан Ахмадиев 27 жастағы қызметші келіншек туралы айтты Депутат жалғызбасты аналарды жұмыстан бір сағат ерте босатуды ұсынды Павлодарда жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, жұмысшы ажал құшты «Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті Ақтөбеде ауруханаға түскен сарбазға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды Президент Қаржы нарығын реттеу агенттігі төрағасының есебін тыңдады «Тасмағамбетовтерді тонаған кім?»: Жан Ахмадиев 27 жастағы қызметші келіншек туралы айтты Депутат жалғызбасты аналарды жұмыстан бір сағат ерте босатуды ұсынды Павлодарда жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, жұмысшы ажал құшты

    «Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті

    «Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті

    Фото: Инстаграм

    Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгінгі сот отырысына құрылыс саласының маманы Вероника Лабаева қатысып, куәлік етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Сарапшы сотта Тәуелсіздік, 24 мекен жайындағы тұрғын үйге жасалған сараптаманың қорытындысын жария етті.

    Оның сөзінше, ғимарат қаңқасыз жүйе бойынша салынған. Бұдан басқа, нысанның құрылысы 2.183 сериялы конструктивті  Д-69 торабы негізінде салынған. Яғни, бұл материал тоғыз қабат үйге емес, тек БЕС қабат үйге арналады.

    «Жасалған талдау мен натуралық-инструменталдық бақылау нәтижесінде сарапшылар нақты орындалған кірпіш қалау жұмыстары мен олардың қолдарында болған бастапқы жобалық құжаттама арасында елеулі айырмашылық барын атап өтті», — деді ол.

    Яғни, тоқетерін айтқанда, құрылыс жұмыстары нормативтік талапқа да сай келмейді.

    «Бірінші кезекте, сараптама қорытындысында ғимараттың қабат саны бойынша 2.183 сериясының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Нақты объектіде осы типтік шешім бойынша тоғыз қабат салынған. Ал аталған сериядағы Д-69 торабы қабырғаларды ең көбі бес қабатты ғимараттарда қолдануды көздейді. Яғни бұл конструкциялық шешім аз қабатты құрылысқа, нақтырақ айтқанда бес қабатқа дейінгі ғимараттарға арналған. Алайда іс жүзінде осы типтік серия негізінде тоғыз қабатты ғимарат бой көтерген», — деп түсіндірді.

    Құрылыс сарапшысының сөзінше, ғимаратта армобелдеулер түріндегі күшейту жұмыстары толықтай жоқ. Тоғыз қабатты ғимарат үшін мұндай элементтердің болмауы конструкцияның кеңістіктік беріктігін қамтамасыз ету тұрғысынан елеулі мәселе.

    Сондай-ақ ол фундамент ерітіндісінің беріктігіне қатысты талап та бұзылған дейді сарапшы.

    «Қайғылы жағдайдан кейін сараптама жүргізу мақсатында «Астана техникалық қадағалау» мамандары объектіні тексеру үшін кірпіш қалау конструкцияларының үлгілерін алған. Алайда үлгілерді алу кезінде олар үгітіліп, бұзылып, тиісті зертханалық зерттеу жүргізу мүмкін болмаған. Кейін ерітіндінің нақты маркасы М25 екені анықталған. М25 маркалы ерітінді жүк көтергіш конструкцияларда қолдануға арналмаған. Бұл – беріктігі төмен, қауіпсіздік тұрғысынан қажетті беріктік қоры аз ерітінді», — деді құрылыс маманы.

    Сараптама қорытындысында жылу оқшаулағыш материалдың да жобалық шешімге сәйкес келмейтіні де жазылған. Маманның сөзінше, жобада кірпіш қалау арасындағы жікте минералды мақтадан жасалған жылу оқшаулағыш материал қарастырылған. Алайда құрылыс салушы оны өз бетінше пенополистиролға ауыстырған. Лобаева сондай-ақ жобадағы жылу оқшаулағыш материалдың құрылыс кезінде өзгертілгенін атап өтті.

    Маманның пікірінше, опырылу себептерін бағалау кезінде құрылыс сапасымен қатар, бастапқыда таңдалған конструкциялық шешімнің тоғыз қабатты ғимаратқа қаншалықты сәйкес келгеніне де назар аудару қажет.

    Маманды сұрау сот отырысында жалғасып жатыр.

    Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада тұрғын үйдің фасадындағы кірпіш қаптамасы құлап, бес адам зардап шеккен. Олардың арасында жедел жәрдем құрамында оқиға орнына барған фельдшер Ұлдана Мырзуан да болған. Ол ауыр жарақат алып, 18 қарашада ауруханада көз жұмды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →