Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы •

    Қазақстанда көліктен қатты музыка мен былапыт сөз айтылса, қамауға алынуы мүмкін

    Қазақстанда көліктен қатты музыка мен былапыт сөз айтылса, айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. ІІМ түсіндірмесі.

    Қазақстанда көліктен қатты музыка мен былапыт сөз айтылса, қамауға алынуы мүмкін

    Фото: ИА «NewTimes.kz»

    Елімізде көлік ішінде немесе портативті колонкалардан қатты музыканы қосып, оның ішінде былапыт сөздер болса, айыппұл салынып, тіпті қамауға алыну қаупі бар. Ішкі істер министрлігі бұл әрекеттердің қандай жазаға әкеп соғатынын түсіндірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қоғамдық орындарда көліктен немесе қалта колонкаларынан былапыт сөздері бар әндердің ойнатылуы ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабына сәйкес «ұсақ бұзақылық» ретінде қарастырылады. Мұндай құқықбұзушылыққа 20 АЕК мөлшерінде айыппұл (2026 жылы 86,5 мың теңге) немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған. Егер бұл қайталанса, 20 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

    Түнгі уақытта қатты музыка ойнатылса, жүргізушінің әрекеттері ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша «тыныштықты бұзу» ретінде де қосымша саралануы мүмкін. Бұл жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 23:00-ден 09:00-ге дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

    Қоғамдық орындар қатарына көшелер, саябақтар, тұрғын үйлердің подъездері, ғимараттардың фойелері және қоғамдық көлік жатады. Полиция мұндай бұзушылықтарды азаматтардың шағымдары бойынша ғана емес, патрульдеу кезінде және әлеуметтік желілерді мониторингтеу арқылы да анықтай алады.

    Бұған дейін Алматы полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында екі қазақстандық блогердің жарияланымдарында былапыт сөздер қолданғанын анықтағаны хабарланған. Екі бұзушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →