Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 10 қыркүйек 2026 $ 454,0 528,1 5,29
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Сиднейдегі кітап дүкенінен қазақтың асығына ұқсас ойын табылды

    Қазақстандық азамат Сиднейдегі кітап дүкенінен қазақтың асығына ұқсас ойын тауып, әлеуметтік желіде бөлісті. Ойын әлемде knucklebones деп аталады.

    Сиднейдегі кітап дүкенінен қазақтың асығына ұқсас ойын табылды

    Сурет: depositphotos.com

    Аустралияның Сидней қаласындағы кітап дүкенінен қазақтың асығына ұқсас балалар ойынын көрген қазақстандық азамат ерекше олжасын әлеуметтік желіде бөлісті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның айтуынша, ойынға арналған сүйектер бірден таныс болып көрінген. «Бірнеше ай бұрын Сиднейдегі кітап дүкенін аралап жүріп, өзіме таныс асық ойынына кезіктім. Мойындаңыздар, араларыңыздан кім мұнда бизнес ашып алған?» – деп жазды ол.

    Желі қолданушылары суреттегі ойынның әлемнің әртүрлі елінде «knucklebones» атауымен белгілі екенін атап өтті. Кейбір пікір иелері мұндай ойыншықтардың пластиктен жасалған нұсқаларын Қазақстанда да кеңінен шығаруға болатынын жазған.

    «Бұл knucklebones қой. Халықаралық ойын», «Әттең, Австралияда бар, бізде жоқ», «Қызықты олжа екен», – деп пікір қалдырды қолданушылар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →