Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 8 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстауда жаңадан төселген жолдың сапасы сынға қалды Біреу құлағанын күтіп отыр ма? Қостанайда мектеп маңындағы ор жұртты шошытты Зейнетақы жинағын басқаруға беру: маңызды қадамдар «Шенеуніктің шекпенін киіп, менікі емес деп бас тарта алды»: Дана Нұржігіт актер Азамат Сатыбалды туралы Қазақстанда әскерде жүрген әрбір сарбаздың мойнында кемі 250 мың теңге несиесі бар Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогында үш медаль жеңіп алды Маңғыстауда жаңадан төселген жолдың сапасы сынға қалды Біреу құлағанын күтіп отыр ма? Қостанайда мектеп маңындағы ор жұртты шошытты Зейнетақы жинағын басқаруға беру: маңызды қадамдар «Шенеуніктің шекпенін киіп, менікі емес деп бас тарта алды»: Дана Нұржігіт актер Азамат Сатыбалды туралы Қазақстанда әскерде жүрген әрбір сарбаздың мойнында кемі 250 мың теңге несиесі бар Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогында үш медаль жеңіп алды

    Назарбаев кеңсесінің бұрынғы басшысы Махмуд Қасымбеков жаңа компания тіркеді

    Назарбаев кеңсесінің бұрынғы басшысы Махмуд Қасымбеков АХҚО-да New Mining Ltd компаниясын тіркеді. Оның тау-кен активтері мен отбасы туралы мәліметтер.

    Назарбаев кеңсесінің бұрынғы басшысы Махмуд Қасымбеков жаңа компания тіркеді

    Фото: x.com/Aidos_Ukibay

    Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін ұзақ жылдар басқарған Махмуд Қасымбеков, қазіргі Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі, жаңа компания құрды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    7 қыркүйекте Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) New Mining Ltd компаниясы тіркелді. Компанияның директоры әрі бас директоры болып Махмуд Қасымбеков көрсетілген. Компанияның қызмет бағыттары холдингтік компания қызметі, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, барлау және іздеу ретінде белгіленген.

    Ал 11 тамызда АХҚО-да Махмуд Қасымбековке тиесілі Zhetisu Resources Ltd компаниясы тіркелген. Сонымен қатар, Қасымбеков Shygys-Zhetisu Minerals компаниясына иелік етеді. Бұл компания Қасымбековтің ұлы Ардақпен бірге «Шығыс Молибден» компаниясының құрылтайшысы болып табылады. Аталған компания Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағында орналасқан Шор мыс-молибден кен орнын игеруге басым құқық алған.

    Махмуд Қасымбековке тиесілі басқа да тау-кен активтерінің қатарында «Жетісу Минерал Ресорс» және «Ұлытау Алтындары» компаниялары бар.

    Айта кетейік, Махмуд Қасымбеков Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін ұзақ жылдар басқарған. Ол 1990 жылы Қазақ КСР президенті аппаратының сектор меңгерушісі болып қызметке келіп, кейін Президент аппараты мен әкімшілігінің жалпы бөлімін басқарды. 1996 жылдан бастап Президент кеңсесін басқарды. 2019 жылы Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Қасымбеков Қазақстанның тұңғыш президенті кеңсесінің басшысы болып тағайындалды. 2023 жылы бұл кеңсе таратылды. Ол сондай-ақ қазіргі Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі.

    Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс орнын ашқаны туралы жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →