Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Әлемдегі ең ықпалды елдердің қатарына қосылып, 34-орында тұрмыз • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев • Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда  • Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды • Алматының туристік әлеуеті Сингапурдегі ITB Asia 2026 көрмесінде таныстырылып жатыр • Тоқаев: Әлемдегі ең ықпалды елдердің қатарына қосылып, 34-орында тұрмыз • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев • Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда  • Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды • Алматының туристік әлеуеті Сингапурдегі ITB Asia 2026 көрмесінде таныстырылып жатыр •

    Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады

    Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстанның бірінші орын алғанын мойындады. Медаль есебіндегі техникалық қателік түзетілді.

    Қырғызстан Қазақстанның көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындады

    Сурет: aikyn.kz

    Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытынды медаль есебінде Қазақстанның бірінші орын алғанын ресми түрде мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның айтуынша, жалпыкомандалық есепті шығару барысында медальдарды санауда техникалық қателік орын алған. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысы жеңіп алған медальдарды жеке-жеке есепке алу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде, қайта есептеуден кейін Қазақстан жалпыкомандалық есепте көш бастады.

    – Осылайша, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қазақстан иеленді. Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз! – деді Асқат Алагөзов.

    Бұған дейін ойындардың қорытынды медаль есебіне қатысты екі түрлі ақпарат тараған еді. Қазақстан тарапы ұлттық құраманың 32 алтын, 20 күміс және 22 қола, барлығы 74 медаль жеңіп алып, бірінші орынға шыққанын хабарлады. Ал ұйымдастырушылар жариялаған кестеде Қазақстанға 29 алтын есептеліп, Қырғызстан бірінші орынға қойылған болатын. Кейін бұл кесте ресми парақшадан өшірілді.

    VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →