Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады •

    Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін

    Қазақстандық мұғалімдерге кешкі 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл туралы мәлімдеді.

    Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін

    Фото: primeminister.kz

    Қазақстанда мұғалімдердің ата-аналармен байланысына қатысты жаңа реттеу енгізілуі ықтимал. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың мәлімдеуінше, педагогтарға жұмыс уақыты аяқталған соң, яғни кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналар тарапынан келетін сұрақтарға жауап бермеуге заң жүзінде рұқсат етілуі мүмкін.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Министрдің айтуынша, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы байланыс арнайы чаттарда жүзеге асып, ондағы сұрақтар тек жұмыс уақыты ішінде, яғни сағат 18:00-ге дейін қойылуы тиіс. Бұл уақыттан кейін әрбір педагогтың жеке өміріне құрмет көрсетіліп, оның тынығуына ешкім кедергі жасамауы керек.

    «Біздің ұстанымымыз айқын: ата-аналар чаттарда сағат 18:00-ге дейін сұрақ қоя алады, ал одан кейін мұғалімнің жеке уақыты басталады және оны құрметтеу қажет», – деп түйіндеді Сүлейменова.

    Министрдің сөзіне сүйенсек, биыл «Педагог мәртебесі туралы» заңға тиісті өзгерістер енгізілмек. Онда мұғалімнің сабақ кезіндегі және сабақтан тыс уақыттағы міндеттері, сондай-ақ мектеп пен оқу процесіне қатысты жауапкершілік аясы нақтыланады. Жаңа талаптар педагогтердің жұмыс пен жеке өмір арасындағы шекараны айқындауға бағытталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →