Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды Үндістанда жігіт түсік жасатудан бас тартқан көңілдесін өлтіріп, мәйітін бөлшектеген Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр Ақтөбе облысында келінін зорлаған ер адам 8 жылға сотталды Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адамның аяғын ампутациядан сақтап қалды Гүлзира Айдарбекова заң бұзғаны үшін жауапқа тартылды

    Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады

    Жұлдыз жорамал бойынша 12 белгі өкілдерінің жанжалдан кейінгі мінез-құлқы мен татуласу тәсілдері. Әр белгінің ерекшеліктерін біліп, қарым-қатынасты нығайтыңыз.

    Жұлдыз жорамал: жанжалдан кейін қай белгі қалай татуласады

    Сурет: ЖИ

    Кез келген қарым-қатынаста уақыт өте келе реніш пен түсініспеушілік туындауы заңды. Дегенмен, әркімнің жанжалдан кейінгі мінез-құлқы ерекше. Кейбір адамдар дереу татуласуға ұмтылса, басқалары апталап үнсіздік сақтайды. Ал кейбіреулері өз қатесін мойындамай, өкпелеуді жалғастырады. Астрология әуесқойлары мұны туған жұлдыз белгісімен байланыстырады. Бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденбесе де, жақын адамдарыңыздың мінезін басқа қырынан түсінуге көмектесетін қызықты тәсіл.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Тоқты белгісінің өкілдері ашуын бірден шығарып алғанымен, кейін қарсы тарапты елемей қоюы мүмкін. Олар хабарламаларға жауап бермей, салқын қабақ танытып, ренішін осылай білдіреді. Бұл олардың жазалау тәсілі іспетті.

    Торпақтар сырттай қырсық көрінгенімен, іштей болған жағдайды қайта-қайта саралайды. Олар өз қателігін түсінген соң, татуласудың жолын іздей бастайды. Тіпті, ренжіткен адамының кешірімін алу үшін елеулі қадамдарға баруға дайын.

    Әдетте ашық-жарқын әрі көпшіл Егіздердің үнсіз қалуы – олардың қатты ренжігенін көрсетеді. Мұндай жағдайда олар байланысты толық үзіп, қарсы тарапты үнсіздікпен қинауды жөн көреді.

    Шаян белгісінің өкілдері жақындарымен арадағы жылылықты жоғары бағалайды. Сондықтан олар ұзақ уақыт ренжісіп жүре алмайды. Ашуы басылысымен, қарым-қатынасты қалпына келтіруге асығады.

    Арыстандар өз намысын өте жоғары қояды. Егер оларды ренжітсеңіз, тез жұмсарту мүмкін емес. Олар серіктесінің қатесін мойындап, кешірім сұрап келгенін күтеді.

    Бикештер жанжалдан кейін болған оқиғаны мұқият талдайды. Егер олар артық кеткенін сезсе, бірінші болып кешірім сұраудан тартынбайды.

    Таразылар жанжалды ушықтырғанды ұнатпайды, сондықтан іштегі ренішін ашық айтуға батпайды. Олар үнсіздік танытып, қарсы тараптың өздігінен түсінгенін күтеді.

    Сарышаяндардың ренжігенін бірден байқауға болады. Олар көп сөйлемей-ақ, өткір әрі салқын көзқарасымен бәрін сездіреді. Алғашқы қадамды әрдайым қарсы тараптан күтеді.

    Мергендер эмоциясын жасырмай, бәрін бетке айтады. Ашуы тарқаған соң араласуды жалғастыруға қарсы емес, алайда бірінші болып қадам жасамайды. Мұндай әрекетті екінші адамның еншісіне қалдырады.

    Тауешкілер сырттай ұстамды көрінгенімен, іштей жағдайды ұзақ ойлайды. Егер өзін хақ деп санаса, татуласуға немесе кешірім сұрауға ешқашан бірінші болып бармайды.

    Суқұйғыштар ренішін ашық көрсетпегенімен, олардың суық қарым-қатынасы бәрін айқындап тұрады. Мәселені шешуге қарсы болмағанымен, алдымен қарсы тараптың ынтасын байқағысы келеді.

    Балықтар өте сезімтал болғандықтан, ұрыстан кейін іштей қатты уайымдайды. Жақын адамының көңілін қалдырғанын сезсе, бірінші болып жылы сөз айтып, татуласуға ұмтылады.

    Қарым-қатынасты сақтап қалудың ең сенімді жолы – жұлдыз белгілеріне ғана сүйенбей, ашық сөйлесіп, бір-біріне түсіністік таныту. Астрологиялық сипаттамаларды өмірді қызықты ететін болжам ретінде қабылдаған абзал.

    Аударған: А. Мейірханқызы

    ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жігіттің қандай күйеу болатынын туған күніне қарап болжай аласыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →