Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр

    VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 55 медальмен алдыңғы орында. Қырғызстан екінші, Ресей үшінші. Жарыстар жалғасуда.

    Көшпенділер ойыны: Қазақстан құрамасы медаль есебінде көш бастап тұр

    Сурет: turkystan.kz

    VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы шықты. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алдыңғы орынды иеленіп отыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    4 қыркүйектегі мәліметке сүйенсек, еліміздің спортшылары 55 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 25 алтын, 13 күміс және 17 қола бар.

    Екінші сатыда Қырғызстан құрамасы тұр. Олардың қоржынында 58 медаль: 23 алтын, 24 күміс, 11 қола. Үздік үштікті Ресей құрамасы (4 алтын, 6 күміс, 13 қола) түйіндейді.

    Қазақстан өкілдері бағдарламадағы 42 спорт түрінің 31-інде бақ сынап үлгерді. Олар аударыспақ, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, самбо, арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ат жарыстары, құсбегілік сынды сайыстардан жүлде алды.

    Жарыс әлі жалғасып жатқандықтан, медаль кестесіндегі орындар өзгеруі мүмкін. Қазақстандықтар тағы 11 спорт түрінде сынға түспек.

    Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 113 елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →