Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • WBO Әлімханұлы мен Шираздың жекпе-жегі бойынша келіссөз мерзімін ұзартты

    WBO Жәнібек Алимханулы мен Хамза Шираз арасындағы титулдық жекпе-жек бойынша келіссөздер мерзімін ұзартты. Жаңа мерзім мен талаптар туралы оқыңыз.

    WBO Әлімханұлы мен Шираздың жекпе-жегі бойынша келіссөз мерзімін ұзартты

    Фото: Sports.kz

    Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Хамза Шираз арасындағы титулдық жекпе-жек туралы келіссөздер мерзімін ұзартты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    WBO мәлімдемесінде: «Top Rank және Queensberry Promotions бірлесіп, келіссөз мерзімін бір аптаға ұзартуды сұрап, өтініш білдірді. Осыған байланысты тараптарға келісімге қол жеткізу үшін уақыт берілді. Келіссөздер 2026 жылғы 10 қыркүйектегі бейсенбіге дейін, Атлантикалық стандартты уақыт (AST) бойынша 17:00-ге дейін жалғасады. Егер тараптар келісімге қол жеткізе алмаса, WBO чемпиондық атақтар комитеті белгіленген тәртіппен промоутерлік сауда-саттық (purse bid) өткізуді тағайындайды», — делінген.

    Еске салайық, Әлімханұлы 21 шілдеде екінші орта (суперорта) салмаққа ауысатынын мәлімдеп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартқан еді. 14 тамызда WBO қазақстандық боксшыға суперорта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Хамза Ширазға қарсы міндетті жекпе-жек тағайындап, тараптарға жекпе-жек шарттарын келісу үшін стандартты мерзім берген болатын.

    Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде бірінші орында тұр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →