Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Шұғыла Ешен Golden Globes Beacon Award сыйлығын алған алғашқы қазақстандық актриса атанды • Будвадағы әлем чемпионаты: төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады •

    Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті

    Атырау облысындағы Жангелдин ауылындағы қайғылы оқиғаға қатысты Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шығып, балаларымен кездесті. Ол қазір балаларымен жүздесіп, олардың жағдайы жақсы екенін білдірді.

    Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті

    Сурет: polisia.kz

    Атырау облысындағы Жангелдин ауылында қаза тапқан ерлі-зайыптының қызы, Сұлтан Сәрсемалиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шықты. Бұл туралы turkystan.kz хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Kazinform деректеріне сәйкес, ол емдеу мекемесінен шыққан соң балаларымен жүздесті. Қазір Ақбаян Мұқанғалиева мен сотталған Сұлтан Сәрсемалиевтің төрт баласы Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр. Ал бір жарым жасар кенже ұлы сәбилер үйінде тәрбиеленуде.

    Орталық директоры Құндыз Гиниятованың айтуынша, Мұқанғалиева балаларымен алғаш рет 27 тамызда кездескен. Екінші кездесу 1 қыркүйекте өткен.

    «Ол балалардың заңды өкілі ретінде келді. Оның ата-ана құқығынан айырылмағаны белгілі. Жалпы, балалармен кездесу әр жұма сайын сағат 17:00-ден 19:00-ге дейінгі кесте бойынша ұйымдастырылады. Ол бұл тәртіпті алғашында білмеген», – деді орталық директоры.

    Оның айтуынша, Ақбаян Мұқанғалиева кейін балаларын Білім күнімен құттықтау үшін 1 қыркүйекте тағы келген. Құндыз Гиниятова балалардың денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы екенін де атап өтті.

    Балалардың бейімдеу орталығында қанша уақыт болатыны әзірге нақты белгіленбеген. Ақбаян Мұқанғалиеваның туыстары оның балаларын танитынын айтқан. Сонымен бірге әйелдің ем қабылдауын алдағы уақытта да жалғастыратыны хабарланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →