Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті «Жаға жыртысуға дейін барды»: Түркістан облысындағы мектепте ата-аналар мен мұғалімдер жанжалдасты Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті «Жаға жыртысуға дейін барды»: Түркістан облысындағы мектепте ата-аналар мен мұғалімдер жанжалдасты

    Мысырда жолаушылар автобусы аударылып, 21 адам қаза тапты

    Мысырда жолаушылар автобусы аударылып, 21 адам қаза тапты

    Фото: youm7.com

    Мысырдың Синай түбегінде жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, 21 адам қаза тапты. Тағы 29 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Arabi21 агенттігіне сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2 қыркүйекте Дахаб – Нувейба тасжолында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, автобус Каирден Нувейба портына қарай бағыт алған. Салонда Мысыр мен Иордания азаматтары болған.

    Нувейба маңындағы жолдың бір бөлігінде автобус аударылып кеткен. Қаза тапқандардың арасында шамамен 10 жастағы бала болғаны хабарланды. Мысыр денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ахмед әс-Сабкидің айтуынша, зардап шеккендер алдымен жергілікті медициналық орталыққа жеткізілген.

    Кейін олардың бір бөлігі басқа ауруханаларға, соның ішінде Шарм-эш-Шейхтегі халықаралық клиникаға ауыстырылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →