Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қант қосылған сусындар асқазан обыры қаупін 2,45 есе арттырады Сәкен Майғазиев жұбайын туған күнімен құттықтады Тараздық қазақ қызы Дубайда жапон жігітімен танысып, махаббат хикаясын бөлісті Роза Әлқожа: Сенім – үлкен қару 2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті Қант қосылған сусындар асқазан обыры қаупін 2,45 есе арттырады Сәкен Майғазиев жұбайын туған күнімен құттықтады Тараздық қазақ қызы Дубайда жапон жігітімен танысып, махаббат хикаясын бөлісті Роза Әлқожа: Сенім – үлкен қару 2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті

    Қант қосылған сусындар асқазан обыры қаупін 2,45 есе арттырады

    Қант қосылған сусындарды күнделікті тұтыну асқазан обыры қаупін 2,45 есе арттырады. Mass General Brigham зерттеуі 112 мың адамды қамтыды.

    Қант қосылған сусындар асқазан обыры қаупін 2,45 есе арттырады

    Сурет: ашық дереккөзден

    Қант қосылған сусындарды күн сайын тұтыну асқазан обырының пайда болу қаупін едәуір арттыруы мүмкін. Бұл туралы SciTechDaily басылымына сілтеме жасап, turkystan.kz тілшісі хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Зерттеу нәтижелері Gastro Hep Advances ғылыми журналында жарияланды. Mass General Brigham онкологиялық институтының мамандары ұзақ жылдар бойы бақылауда болған 112 284 адамның деректерін талдаған. Ғалымдар қатысушылардың тамақтану әдеттерін, өмір салтын және денсаулық жағдайын бірнеше онжылдық бойы бақылаған.

    Зерттеу барысында 278 адамға асқазан обыры диагнозы қойылған. Талдау нәтижесіне сәйкес, тәулігіне кемінде бір порция қант қосылған сусын ішетін адамдарда асқазан обырының даму ықтималдығы мұндай сусындарды айына бір реттен де сирек тұтынатындармен салыстырғанда 2,45 есе жоғары болған. Яғни қауіп шамамен 145%-ға артқан.

    Ғалымдар фруктозаны көп мөлшерде тұтыну мен ауру қаупінің жоғарылауы арасында да байланыс байқаған. Ал жасанды тәттілендіргіш қосылған төмен калориялы сусындардан мұндай әсер анықталмаған.

    «Бұл – АҚШ тұрғындары арасында қант қосылған сусындарды тұтыну мен асқазан обыры арасындағы байланысты көрсеткен алғашқы зерттеу. Асқазан обыры әлемде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімнің негізгі себептерінің ішінде бесінші орында. Алайда диетаның бұл аурудың дамуына қалай ықпал ететіні туралы мәліметіміз аз», – деді зерттеудің аға авторы, гастроэнтеролог әрі эпидемиолог Эндрю Т. Чан.

    Зерттеуде қант қосылған сусындарға газдалған сусындар, пунш, лимонад және спорттық сусындар енгізілген. Ал жасанды тәттілендіргіші бар сусындар санатына калориясы төмен газдалған сусындар жатқызылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →