Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тараздық қазақ қызы Дубайда жапон жігітімен танысып, махаббат хикаясын бөлісті Роза Әлқожа: Сенім – үлкен қару 2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті Жазира Байырбекованың қызы Дара мектеп табалдырығын аттады Жетісудағы Сарыөзек-Көктал жолындағы апат: алты адам қаза тапты Тараздық қазақ қызы Дубайда жапон жігітімен танысып, махаббат хикаясын бөлісті Роза Әлқожа: Сенім – үлкен қару 2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті Жазира Байырбекованың қызы Дара мектеп табалдырығын аттады Жетісудағы Сарыөзек-Көктал жолындағы апат: алты адам қаза тапты

    2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты

    2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты

    2026 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді, ал айлық баға өсімі 0,6%-ды құрады, бұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмен (2025 жылғы тамызда — 1%).

    Инфляцияның баялауына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп іске асырып жатқан бағаның өсуін тежеуге, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді шаралары ықпал етуде.

    Инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуі қамтамасыз етуді жалғастыруда. Тамыз айының қорытындысы бойынша жылдық азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға дейін баяулады (2026 жылғы шілдеде — 10,1%), ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімі тек 2,1%-ды құрады (2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша), бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (9,5%) 7,4 пайыздық тармаққа төмен.

    Мұндай нәтиже әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін 19-дан 31 түрге дейін кеңейтуді, оларға шекті 15% сауда үстемесінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізуді, өнімді емес тауар делдалдарын анықтауды және азайтуды, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуді әрі азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыруды қамтитын шаралар кешені арқылы қамтамасыз етілді.

    Бұл ретте жанар-жағармай нарығын кезең-кезеңімен либерализациялау және реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеруге мораторийдің аяқталуы сияқты факторларға қарамастан, жалпы инфляцияның баяулауы жалғасуда.

    Фото: ЖИ

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →