Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін орналастыруға дайын — Тоқаев Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді «Арманда, ізден, өзіңе сен!»: Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ерекше тілегін арнады (ВИДЕО) Қазақстан ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін орналастыруға дайын — Тоқаев Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді «Арманда, ізден, өзіңе сен!»: Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ерекше тілегін арнады (ВИДЕО)

    Гидроэнергетикалық орталықтың жұмысшылары түгел қаза болған: Непал мен Тибеттегі лай көшкінінен көз жұмғандар мыңға жуықтады

    Гидроэнергетикалық орталықтың жұмысшылары түгел қаза болған: Непал мен Тибеттегі лай көшкінінен көз жұмғандар мыңға жуықтады

    Фото: Nepal Army/Handout via REUTERS

    Непалда болған жойқын су тасқынынан кейін гидроэлектр станцияларының туннельдерінде қамалып қалған жүздеген жұмысшыны іздеу жұмыстары күшейтілді. Құтқару операциясына Қытай мен Үндістанның сарапшылары да тартылды, деп хабарлайды Reuters агенттігіне сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Табиғат апаттан Непалдың бірнеше өңірі мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы шекаралас аумақтарды қатты зардап шекті. Тас пен мұз аралас лай көшкіні жолдар мен елді мекендерді басып қалды.

    Непал билігінің мәліметі бойынша, елде 903 адам қаза тауып, 4247 адам хабар-ошарсыз кеткен. Олардың 933-і гидроэнергетикалық нысандарда жұмыс істеген мамандар. Сонымен қатар 39 елден келген 590-ға таяу шетел азаматы хабар-ошарсыз кеткен. Апат болған аймақтан 10 мыңнан астам адам, оның ішінде 323 шетел азаматы құтқарылды.

    Құтқарушылар Расува мен Нувакот аудандарындағы гидроэлектр станцияларының туннельдерін тазалап жатыр. Екі туннельге кіргеннен кейін үш адамның денесі табылған. Мұнда 11 гидроэнергетикалық нысанда жұмыс істеген 933 адам қамалып қалған болуы мүмкін.

    Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы Гиронг уезінде 16 адам қаза тауып, 546 адам хабар-ошарсыз кеткен. Бейжің билігі табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету және іздеу-құтқару жұмыстарына қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Қытай тарапы Непалға метеорологиялық және гидрологиялық мәліметтерді тұрақты түрде ұсынып отырғанын да айтты.

    Сарапшылар тағы да су тасқыны болуы мүмкін екенін айтады. Алдын ала болжам бойынша, Гималайдағы мұздықтың опырылып, апат болған. Бұған жаһандық жылыну әсер етіп отыр

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →