Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін орналастыруға дайын — Тоқаев Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді «Арманда, ізден, өзіңе сен!»: Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ерекше тілегін арнады (ВИДЕО) Қазақстан ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін орналастыруға дайын — Тоқаев Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді «Арманда, ізден, өзіңе сен!»: Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ерекше тілегін арнады (ВИДЕО)

    Ақсудағы айқай: Жетісуда әлеуметтік үйдің қабырғасы жарылып, ауласын су басқан

    Ақсудағы айқай: Жетісуда әлеуметтік үйдің қабырғасы жарылып, ауласын су басқан

    Жетісу облысында әлеуметтік баспана алған тұрғындар жаңа үйлердің сапасына шағымданды. Олардың айтуынша, көптен күткен пәтерлеріне қоныстанғаннан кейін ғимарат қабырғаларында жарықтар пайда болған.

    Бұған қоса, үйдің аумағын су басып, тұрғындарға қолайсыздық туғызып отыр. Әлеуметтік баспанаға мұқтаж азаматтарға үй беру маңызды, бірақ әкімдік үшін кілт тапсырудан бұрын құрылыстың сапасын қадағалау басты талап болуы керек.

    Ақсу ауданының әкімдігі анықталған ақауларды мердігер кепілдік міндеттемесі аясында жөндейтінін мәлімдеген, алайда тұрғындар жаңа үйге кіре сала мұндай мәселемен бетпе-бет келмеуі тиіс. Жетісу облысында бұған дейін Ақсу ауданында 132 отбасының баспанамен қамтылғаны ресми хабарланған.

    Видео: @taldykorganec.insta

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →