Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін орналастыруға дайын — Тоқаев Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді «Арманда, ізден, өзіңе сен!»: Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ерекше тілегін арнады (ВИДЕО) Қазақстан ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін орналастыруға дайын — Тоқаев Қазақстанда 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды «Артымызды ашып тастады!»: Спорт журналисі Бішкектегі 51 мыңдық стадион туралы жазды Президент Тоқаев ШЫҰ саммитінде сөйледі Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді «Арманда, ізден, өзіңе сен!»: Жұлдыз Сүлейменова оқушыларға ерекше тілегін арнады (ВИДЕО)

    Дархан Сатыбалды оқушыларды Білім күнімен құттықтады: Алматыда 32 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

    Дархан Сатыбалды оқушыларды Білім күнімен құттықтады: Алматыда 32 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

    Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Білім күні Алатау ауданындағы 2 мың оқушыға арналған №230 «Келешек мектебінің» салтанатты ашылуына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Қала әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда өткен ұстаздардың Тамыз конференциясында Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанның тірегі болатын жауапты әрі адал азаматтарды тәрбиелеу баршаның ортақ міндеті екенін атап өткеніне тоқталды.

    «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушыға арналған 217 заманауи мектеп салынды. Алматы шаһары – осы үлкен өзгерістердің алдыңғы қатарында тұр», — деді қала басшысы.

    Бұған дейін қалада жалпы сыйымдылығы 24 300 орындық 14 «Келешек мектебі» қолданысқа берілсе, дәл бүгін 10 500 оқушыға арналған 7 «Келешек мектебі» және «Зерделі» шағынауданындағы 550 орындық жалпы білім беретін мектеп есігін айқара ашты.

    Сонымен қатар қайта жаңғыртудан өткен №160 мектеп, бұзылып қайта құрылған 340 орындық №15 интернат, сондай-ақ қосымша құрылыс жүргізілген №112 және №174 мектептер қайта қолданысқа берілді. Аталған нысандардың пайдалануға берілуі нәтижесінде 1 015 қосымша оқушы орны ашылып, қала бойынша жаңадан енгізілген оқушы орындарының жалпы саны 12 065-ке жетті.

    Алатау ауданында 3 жаңа нысан ашылды. Соның бірі – 2 мың оқушыға арналған №230 «Келешек мектебі».

    Жаңа оқу жылында мектеп автобустары 11 496 баланы тасымалдайды. Бүгінде мегаполистің білім беру жүйесінде 42 000-нан астам педагог еңбек етеді. Ал 32 000-нан астам бала бүгін 1-сыныпқа қадам басып, мектеп табалдырығын алғаш аттады.

    Дархан Сатыбалды ұстаздардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі айрықша орнына тоқталып, олардың адал қызметіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар оқушыларды білімге ұмтылуға, ізденуге және жаңа идеялар бастауға шақырып, ата-аналарға мектеп пен отбасы арасындағы өзара сенім мен бірліктің маңызын атап өтті.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →