Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақ әдебиеті Гуанчжоу кітап көрмесінде таныстырылды Президент ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты «Қаншама ауру таптым»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актерді кешірмейтінін айтты Сәтбаевта 25 мың адам Кеншілер мен байытушылар күнін дүркіретіп атап өтті Бір ай бұрын қазып тастаған: Қарағандыдағы Ерубаев көшесінің жөндеуі неге тоқтап қалды? Қазақ әдебиеті Гуанчжоу кітап көрмесінде таныстырылды Президент ШЫҰ жиындарына қатысу үшін Бішкекке барды Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты «Қаншама ауру таптым»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі актерді кешірмейтінін айтты Сәтбаевта 25 мың адам Кеншілер мен байытушылар күнін дүркіретіп атап өтті Бір ай бұрын қазып тастаған: Қарағандыдағы Ерубаев көшесінің жөндеуі неге тоқтап қалды?

    Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты

    Астанада тағы да кран құлап, бір адам ажал құшты

    Фото: видеодан скрин

    Қорғалжын тасжолы маңындағы №100 мектептің жанында салынып жатқан нысанда құрылыс краны құлады. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Астана денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр. Екінші науқас стационарда қажетті медициналық көмек алып жатыр.

    «Бір адам оқиға орнында көз жұмды. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді», – деп хабарлады ведомстводан.

    Бұл – Астанада бірнеше күн ішінде құрылыс кранының құлауына байланысты тіркелген екінші қайғылы оқиға.

    28 тамызда Е 908 көшесі аумағында, Төле би көшесі мен Ұлы Дала даңғылының қиылысына жақын жерде құрылыс краны құлап, бір ер адам қаза тапқан болатын.

    Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →