Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    1 қыркүйектен бастап қандай өзгерістер болады

    1 қыркүйектен бастап қандай өзгерістер болады

    Фото: depositphotos.com

    2026 жылдың қыркүйек айынан бастап елімізде мемлекеттік басқару жүйесін, білім беру саласын және әлеуметтік-экономикалық бағыттарды қамтитын бірқатар түбегейлі өзгерістер жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Саяси аренадағы және мемлекеттік құрылымдағы өзгерістер Жаңа Конституцияның жүзеге асу кезеңі: Елімізде наурыз айындағы референдум нәтижесінде қабылданып, шілдеде күшіне енген жаңа Конституция аясындағы саяси реформалар қыркүйек айында нақты институционалдық жалғасын табуда.

    Жаңа маусымнан бастап ел заң шығару билігі жаңартылған бірпалаталы форматта толыққанды қызмет атқаруда. Қазақстан Халық Кеңесінің жасақталуы: Ел халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесінің алғашқы құрамы жасақталып, өз жұмысына кірісуде. Бұл орган ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық маңызы бар бастамалар бойынша ұсынымдар әзірлеу және заң жобаларын Құрылтайға енгізу құқығын жүзеге асырады. Білім беру саласындағы ауқымды реформалар Бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесінің өзгеруі: 2026–2027 оқу жылының басынан бастап орта білім беру ұйымдарындағы бағалау тәсілдері түбегейлі өзгерді.

    Атап айтқанда, 2–4-сыныптарда дәстүрлі Бөлім бойынша жиынтық бағалау (СОР )және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (СОЧ) жойылды. Оның орнына күнделікті формативті бағалаудың рөлі күшейтіліп, мұғалімдерге аралық бақылау түрлерін (диктант, жоба, практикалық жұмыс) өз бетінше таңдауға кең мүмкіндік берілді.

    Мектеп бағдарламасына міндетті жаңа пәндердің қосылуы:

    5–7 сыныптар үшін — «Негізгі Конституция»

    8–11 сыныптар үшін — «Заң және тәртіп»;

    5–11 сыныптар аралығында — «Жеке қауіпсіздік» курстары міндетті түрде оқу жоспарына енгізілді.

    1-сыныптан бастап «Цифрлық сауаттылық» пәні «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» болып өзгертіліп, оқушыларға медиасауаттылық, дербес деректерді қорғау және ЖИ негіздері үйретіле бастады.

    Жоғары технологиялық білім берудің басталуы Qazaq AI Research University: Елде жасанды интеллект саласына арналған алғашқы мамандандырылған жоғары оқу орны осы қыркүйек айынан бастап студенттерді қабылдап, өз жұмысына кірісті. Бұл жоба уақытша емес, отандық инженерлік кадрларды даярлайтын тұрақты университет ретінде ашылып отыр. Бизнес және цифрлық таңбалау талаптары  Нарықты сапасыз өнімдерден қорғау мақсатында биологиялық белсенді қоспаларға (БАД) және сыра өнімдеріне міндетті цифрлық таңбалау (Data Matrix кодтары) жүйесі толық күшіне енді.  Еңбек ұжымдарында қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауы міндеттеліп, кәсіпорындар мен мекемелерде ішкі кибергигиена стандарттары заңнамалық деңгейде бекітілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →