Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия •

    Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан

    Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан

    Фото: istockphoto.com

    Оралдағы түнгі клубтардың бірінде қыздың аяусыз соққыға жығылған сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады. Кейін Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ер адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Видеодан оқиғаның клубтың қосалқы бөлмесінде болғанын көруге болады. Еденде жатқан қыз ер адамнан аяғымен қорғануға тырысады. Бір кезде оны өзінен итеріп жібергенімен, ер адам үлкен шыны ыдыспен қыздың басынан бар күшімен ұрады. Соққыдан шыны ыдыс быт-шыт болып сынады.

    Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті видеодағы ер адамның ұсталып, полицияға жеткізілгенін хабарлады.

    «Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаға түскен ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы БҚО полиция департаменті басшылығының бақылауында», – делінген хабарламада.

    Ведомство ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →