Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Талғарда 7 жастағы қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

    Талғарда 7 жастағы қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Күдікті 48 жаста, қамауға алынған. Қыз психологтардың бақылауында.

    Талғарда 7 жастағы қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

    Фото: freepik

    Алматы облысының Талғар ауданында 7 жастағы қызға күндіз көшеде шабуыл жасап, зорламақ болған 48 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Оқиға төрт күн бұрын болған. Бүлдіршін құрбыларының үйінен велосипедпен қайтып келе жатқанда, ер адам оны тоқтатып, велосипед дөңгелегінің желі шыққанын айтқан.

    Кейін күдікті қыздың аяғын сипап, оны автобустың тасасына алып кетпек болған. Сондай-ақ киімін шешуді талап етіп, арам ойын жүзеге асыруға әрекет жасаған. Алайда қыз қашып шығып, үйіне жеткен соң болған жағдайды анасына айтып берген.

    Бүлдіршіннің айтуынша, ер адам мас болған. Қыздың берген сипаттамасы бойынша күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.

    Полиция мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қамауға алынған. Сонымен қатар оның бұған дейін адам өлтіргені үшін сотталған болуы мүмкін екені айтылды.

    Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 7 жастағы қыз психологтардың бақылауында. Ата-анасы күдіктінің заң аясында қатаң жазаға тартылуын талап етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →