«Мама, мені жалғыз қалдырдың»: Анна Данченконың отбасы қара жамылды
Коллаж: qazaqtoday.info
Танымал тележүргізуші, блогер Анна Данченко анасының қайтыс болғанын айтып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Бұған дейін тележүргізуші анасының жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған еді. Алайда бұл жолы ол анасының өмірден өткенін айтты.
«Мама. Сен жай ғана ұйықтап жатырсың ғой, иә? Мама! Сен мені мүлде жалғыз қалдырдың. Мүлде жалғыз… Сенсіз бос пәтер де қараңғы. Мен сенің әкемді сағынғаныңды білемін, бірақ мен ше? Жаным-ау, мама, неге?» – деп жазды ол.
Тележүргізуші анасының қазасынан кейінгі ауыр жағдайын да жасырмай, «Маған өте ауыр, мама!» деп жазба қалдырған.
Желі қолданушылары Анна Данченкоға қайғыра көңіл айтып, оған сабыр тіледі.
