Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты

    Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді

    Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді

    Фото: Ашық дереккөз

    Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша Шерхан Аймаханның қорғаушылары өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай мен жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

    Олардың айтуынша, хабарлама «Сот кабинеті» арқылы келген.

    — Іс аяқталып, сот үкімі шыққаннан бері екі аптадан астам уақыт өтті. Осы аралықта екінші тараптың апелляциялық шағым беруге құқығы болды. 28 тамызда біз тиісті хабарлама алдық. Олардың адвокаттары апелляциялық шағым берген. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі кең. Ол бірінші сатыдағы соттың үкімін толығымен жойып, жаңа шешім шығара алады. Атап айтқанда, айыптаудың жекелеген баптарын алып тастауы, жаңа баптар қосуы немесе жазаны жеңілдетуі мүмкін, — деді Сұлтан Серікбай.

    Адвокат Аянхан Омаров істі қайта қарау кезінде жасалуы мүмкін процессуалдық әрекеттерге түсініктеме берді.

    — ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 430-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, апелляциялық сот алқасы қылмыстық іс бойынша сот-психиатриялық немесе өзге де сараптама тағайындай алады. Мұндай шешімнің қабылданатыны істі апелляциялық инстанцияда қарау барысында белгілі болады, — деді Аянхан Омаров.

    Жәбірленуші тараптың өкілдері істі апелляциялық сатыда қарауға дайындалып жатыр.

    — Шағымды зерделеп, оған қатысты уәждерімізді әзірлейміз. Жақын арада іс апелляциялық инстанция сотында қаралады, — деді Аянхан Омаров.

    Сондай-ақ Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істің сотында куәлік берген Қаратау аудандық полиция басқармасының бұрынғы тергеушісі Әбілғазы Артықбайға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Тергеу жалғасып жатыр. Іске қатысты өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес әзірге жарияланбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →