Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды

    Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалып, 100 АЕК айыппұл төлейді. Толық мәлімет Qazaqtoday.info сайтында.

    Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды

    Сурет: turkystan.kz

    Алматыда жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзып, жол таңбаларының талаптарын елемеген жүргізуші мемлекеттік нөмірсіз және күңгірттелген әйнекпен көлік жүргізген. Сонымен қатар оның жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әлеуметтік желілерде қауіпті бейнежазба тарады. Кадрларда Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі Райымбек даңғылында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны көрінеді.

    Полицейлер жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.

    «Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін оған бірқатар әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілік қарастырылды. Атап айтқанда, маневр жасау, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік жүргізу, көлік әйнектерін күңгірттеу, жол таңбаларының талаптарын сақтамау және көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра көлік басқару фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Алайда іс мұнымен аяқталған жоқ. Жол-көлік оқиғасы бойынша жинақталған материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды», – делінген ПД хабарламасында.

    Сот шешімімен жүргізушіге 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 100 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →