Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды — Тоқаев Бүгін өмірі өнегеге толы қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні Кәсіби шеберлік, табанды еңбек: «Жомарт» кеніші 20 жылдық мерейтойын атап өтті Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды — Тоқаев Бүгін өмірі өнегеге толы қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні Кәсіби шеберлік, табанды еңбек: «Жомарт» кеніші 20 жылдық мерейтойын атап өтті

    Астана тұрғыны дәрет сындырғаны үшін қамауға алынды

    Астана тұрғыны дәрет сындырғаны үшін қамауға алынды

    Фото: видеодан скрин

    Астанада көпқабатты тұрғын үйдің баспалдақ алаңында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, Ж. есімді азамат тұрғын үйдің баспалдақ алаңында тұрып, кіреберіс терезесінен көшеге қарай кіші дәрет сындырған.

    Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінген. Оның кінәсі іс материалдары және бейнежазба арқылы дәлелденді.

    Сот Ж.-ны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Бұл бап ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті бұзып, айналадағыларға құрметсіздік танытатын әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейді.

    Аталған бап бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған.

    Жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушылықтың сипатын, азаматтың қоғамдық тәртіпке деген құрметсіздігін және оқиғаның әлеуметтік желілерде кең таралғанын ескерген.

    Нәтижесінде ер адамға 10 тәулік әкімшілік қамақ тағайындалды. Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →