Қазақ телевизиясының белгілі тұлғасы Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден озды
Қазақ телевизиясы мен журналистикасына елеулі үлес қосқан белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден озды.
Қазақ телевизиясы мен журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар өмірден өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Сол жылы шығармашылық жолын Қазақ жасөспірімдер телевидениесінен бастаған.
Кейін журналистика саласында тәжірибе жинақтап, қазақ телевизиясының дамуына елеулі үлес қосқан.
