Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    16 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» • 16 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін • Салах «Трабзонспор» сапында гол соқты, «Қайрат» Ригада тең түсті • Психолог: Зомби режимінде өмір сүрудің белгілері анықталды • Сингапурда 49 жастағы әйел екі жігітті сүйгені үшін төрт ай үш аптаға бас бостандығынан айырылды • Тоқаев Еревандағы биоалуантүрлілік саммитінің ашылуына қатысты • Дана Уайт Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес жекпе-жегі туралы: «Мүмкін, әбден мүмкін!» •

    Астанада подъездде дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды

    Астанада подъезде дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды. Сот оны ұсақ бұзақылық үшін кінәлі деп таныды.

    Астанада подъездде дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды

    Сурет: Видеодан кадр

    Астанада көпқабатты үйдің подъезінде терезеден сыртқа дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    24 тамызда Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қоғамдық орында тәртіп бұзған азаматқа қатысты үкім шығарды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның подъезде терезеден сыртқа дәрет сындырғанын көрсететін видео тараған еді.

    Сот отырысында азамат кінәсін толық мойындап, істегеніне өкінетінін білдірді. Оның кінәсі іс материалдары мен бейнежазба арқылы да дәлелденді.

    Сот шешімімен ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша кінәлі деп танылды. Аталған бап 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді.

    Сот құқық бұзушылықтың сипатын, азаматтың қоғамға деген құрметсіздігін және әрекеттің әлеуметтік желілерде жария болғанын ескеріп, оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →