Астанада Аманжолов көшесінің бір бөлігі 26-29 тамызда жабылады
Астанада Қ.Аманжолов көшесінің Ш.Қалдаяков көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейінгі бөлігі 26-29 тамызда жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады.
Сурет: turkystan.kz
Елордада Қ.Аманжолов көшесінің Ш.Қалдаяков көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты биылғы 26-29 тамыз күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.
Әкімдік хабарлауынша, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге алдын ала маршруттарын жоспарлап, жол жүру тәртібіндегі ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдарға қолайсыздық тудырмау үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Қалалық әкімдік тұрғындарды бұл өзгерістерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын жоспарлағанда оларды ескеруге шақырады.
