Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды

    Қарағанды облысында 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батып бара жатқан баланы құтқарып, ТЖМ медалімен марапатталды. Оқиға Семізбұғай көлінде болған.

    13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды

    Сурет: turkystan.kz

    Қарағанды облысында төрт жасар баланы суға батып кетуден аман алып қалған 13 жастағы Нұралы Әлхан кезекті марапатқа ие болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен жасөспірімге «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» ведомстволық медалі табыс етілді. Салтанатты рәсімге Нұралы отбасымен бірге қатысты.

    Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев жасөспірімнің ерлігін жоғары бағалап, оның әрекеті құрдастарына үлгі екенін айтты. Департамент тарапынан оған естелік сыйлық табысталды.

    Оқиға биылғы тамызда Семізбұғай көлінде болған. Демалыс кезінде қатты желдің салдарынан кішкентай бала отырған үрлемелі матрас аударылып, бүлдіршін суға құлаған.

    Сол мезетте жағада жүрген Нұралы Әлхан еш ойланбастан көмекке ұмтылды. Ол баланы судан дереу алып шығып, қайғылы оқиғаның алдын алды.

    Жасөспірімнің бұл қадамы алғаш рет әлеуметтік желіде жарияланып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

    Бұған дейін Нұралыны Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов қабылдап, батылдығы үшін алғыс білдірген болатын. Сондай-ақ оған Ішкі істер министрлігінің нышаны бейнеленген қолсағат сыйға тартылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →