Құрылтай депутаттарының жаңа тізімі жарияланды
23 тамызда өткен сайлау қорытындысынан кейін еліміздегі саяси партиялар жаңа шақырылымдағы Құрылтайға өтетін депутаттарының тізімін бекітіп жатыр.
Фото: Kazakhstan Today
Мамандандырылған съездер мен саяси кеңес отырыстарының шешімімен мандат иегерлері анықталып, тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
«Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін 10 депутатын анықтады
Бекітілген тізімге енгендер:
-
Қайрат Айтұғанов — «Ауыл» партиясының төрағасы.
-
Шахмардан Байманов — «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары, партия Орталық аппаратының басшысы.
-
Захира Бегалиева — «IT және құзыреттерді дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры.
-
Серік Егізбаев — «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, VIII сайланым Мәжіліс депутаты.
-
Мұрат Еркібаев — Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының экс-орынбасары.
-
Ажар Қажыбекова — Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының экс-басшысы.
-
Владимир Киян — ғалым-биотехнолог, Ұлттық биотехнология орталығы бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары.
-
Алмас Мұхаметов — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры.
-
Динара Райханова — «UT Print» ЖШС басшысы, Қосшы қалалық мәслихатының экс-депутаты.
-
Рабиға Тоқсейітова — «Aitas-KZ» АҚ холдингтік компаниясының вице-президенті.
Шешім 26 тамызда партияның Саяси кеңесі бюросының отырысында қабылданды.
Депутаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу үшін тиісті құжаттар ОСК-ға жолданды.
ЖСДП жаңа құрамдағы Құрылтайдың сегіз депутатын атады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия жаңа құрамдағы Құрылтайда жұмыс істейтін сегіз өкілінің тізімін ұсынды.
Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, ЖСДП Төралқасы отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Құрылтайында партия атынан өкілдік ететін кандидаттар тізімі бірауыздан қолдау тапты.
ЖСДП атынан Құрылтай құрамына сегіз кандидат енеді:
-
Асхат Рахымжанов — ЖСДП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты, Халықаралық Социалистік интернационалдың вице-президенті;
-
Мақсұт Насибулов — ЖСДП Орталық аппаратының басшысы;
-
Нұрайнаш Камалова — ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрайымы;
-
Лариса Ли — «PANA» жобасының жетекшісі;
-
Аслан Құлмағамбетов — ЖСДП Астана қалалық филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы;
-
Арман Ақылбай — ҚР Әділет министрлігі Қызметкерлермен жұмыс департаментінің директоры;
-
Наурыз Сайлаубай — ЖСДП Жастар қанатының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты;
-
Ажар Сағандықова — ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты, ЖСДП Әйелдер қанатының жетекшісі.
«Ақ жол» партиясы жаңа Құрылтай депутаттарын анықтады
«Ақ жол» демократиялық партиясы жаңа Құрылтайдан мандат алатын сегіз депутаттың тізімін жариялады.
Партия атынан Құрылтай құрамына енгендер:
-
Дания Мәдиқызы Еспаева — «Ақ жол» партиясының төрайымы, VIII сайланымдағы Мәжіліс төрағасының орынбасары;
-
Дәурен Хайроллаұлы Ахметжаев — Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты;
-
Бақтыбек Сәлбекұлы Бибаев — партия атынан депутаттыққа кандидат;
-
Асылхан Төлепбергенұлы Қожахметов — «Ақ жол» партиясы Саяси кеңесінің өңірлік жұмыс жөніндегі хатшысы, аппарат басшысы;
-
Юрий Виссарионович Ли — VII сайланымдағы Мәжіліс депутаты;
-
Олжас Елтайұлы Нұралдинов — VIII сайланымдағы Мәжіліс депутаты;
-
Мейраш Шынасылова — «Ақ жол» партиясы Алматы облыстық филиалының төрайымы;
-
Ермекқали Төлепқалиұлы Юсупов — «Ақ жол» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы.
23 тамызда өткен сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» сайлаушылар даусының 5,21%-ын жинады. Партия 145 депутаттық мандаттың сегізіне ие болды.
Respublica жаңа Құрылтайдың тоғыз депутатын атады
Respublica демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттарының құрамын анықтады.
Жаңа Құрылтайда партия атынан өкілдік ететін депутаттардың тізімі:
-
Бекжан Бақтыбекұлы Айтқұлов — партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, VII–VIII сайланымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты;
-
Руслан Рашитұлы Ыдырысов — кәсіпкер, «Global Food» ЖШС құрылтайшысы, VIII сайланымдағы Алматы қалалық мәслихатының депутаты;
-
Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев — кәсіпкер, «Capital Road Construction» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы;
-
Олжас Хайроллаұлы Құспеков — Respublica партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты;
-
Динара Рустамқызы Наумова — ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі;
-
Екатерина Сергеевна Смолякова — ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты;
-
Нұргүл Тау — ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты;
-
Махамбет Қабділқайырұлы Хасенов — «Special Oil Projects» және «Әлмерек» мұнай базасының құрылтайшысы әрі бас директоры, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы;
-
Айдарбек Асанұлы Қожаназаров — Respublica партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты, Парламенттегі партия фракциясының жетекшісі.
23 тамызда өткен сайлау қорытындысы бойынша партия 509 631 дауыс немесе жалпы дауыс бергендердің 5,56%-ын жинады. Бұл Respublica партиясына 145 депутаттық мандаттың тоғызын иеленуге мүмкіндік берді.
