Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ауғанстанда кез келген шеру өткізуге ресми тыйым салынды Талғарда нан дүкенінің иесін өлтіріп кеткен Кұрылтайда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу мәселесі талқыланады Өзгерістер мұғалімдерді әбден шаршатып, оларды күйзеліске ұшыратпауы керек – Президент Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады Ауғанстанда кез келген шеру өткізуге ресми тыйым салынды Талғарда нан дүкенінің иесін өлтіріп кеткен Кұрылтайда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу мәселесі талқыланады Өзгерістер мұғалімдерді әбден шаршатып, оларды күйзеліске ұшыратпауы керек – Президент Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады

    Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады

    Көлік министрлігі Қазақстаннан 2026-2027 жылдары ашылатын жаңа халықаралық әуе рейстері туралы мәлімдеді: Гонконг, Токио, Париж, Рим, Вена, Нью-Йорк және т.б.

    Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады

    Фото: pexels

    Көлік министрлігі алдағы уақытта шетел бағытында ашылатын жаңа әуе рейстері туралы мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында халықаралық әуе тасымалдары нарығы тұрақты дамып келе жатқаны, қазіргі уақытта 32 елге 161 бағыт бойынша ұшулар жүзеге асырылатыны айтылған. Сонымен қатар, 2026-2027 жылдары Гонконг, Токио, Париж, Рим, Вена, Нью-Йорк және басқа да қалаларды қамтитын жаңа бағыттар бойынша тікелей халықаралық рейстерді ашу мәселелері пысықталуда.

    Жыл басынан бері Ереван, Ларнака, Гуанчжоу, Ұлан-Батыр, Батуми, Шанхай, Баку, Варшава, Ташкент, Орынбор, Измир және басқа да қалаларға рейстер ашылып, қайта қалпына келтірілді. Алдағы уақытта Алматы – Үргеніш, Ақтөбе – Баку, Алматы – Чунцин, Ханой – Алматы – Прага, Астана – Инин және басқа да бағыттар бойынша жаңа рейстерді іске қосу жоспарланған.

    Бұған дейін Астана халықаралық әуежайынан Ыстанбұлға қатынайтын тұрақты рейстер саны көбейгені хабарланған еді. Биыл көктемде Премьер-министр Олжас Бектенов министрлікке Қазақстаннан тікелей жөнелтілетін халықаралық рейстерді көбейтуді тапсырған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →