Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ауғанстанда кез келген шеру өткізуге ресми тыйым салынды Талғарда нан дүкенінің иесін өлтіріп кеткен Кұрылтайда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу мәселесі талқыланады Өзгерістер мұғалімдерді әбден шаршатып, оларды күйзеліске ұшыратпауы керек – Президент Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады Ауғанстанда кез келген шеру өткізуге ресми тыйым салынды Талғарда нан дүкенінің иесін өлтіріп кеткен Кұрылтайда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тыйым салу мәселесі талқыланады Өзгерістер мұғалімдерді әбден шаршатып, оларды күйзеліске ұшыратпауы керек – Президент Ұлттық қор қаражатын әлеуметтік инфрақұрылымға бағыттау уақыт талабынан туындап отыр — сарапшы Қазақстаннан 2026-2027 жылдары қай елдерге жаңа рейстер ашылады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясында ұстаздарды құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясында ұстаздарды құттықтап, білім саласындағы маңызды міндеттерге тоқталды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясында ұстаздарды құттықтады
    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, ұстаздар қауымын жиынның ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Биылғы жиын «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбына арналған.

    Президент өз сөзінде: «Бүгінгі жиынға Қазақстанның барлық аймағынан ұлағатты ұстаздар арнайы келіп отыр. Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі, бұл – нағыз ақиқат. Бүгін өте ұтымды, мазмұнды баяндамаларды тыңдадық, тиімді пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Сөз сөйлеген ұстаздарға, бүкіл мұғалімдер қауымына ризашылығымды, ілтипатымды білдіремін. Тиісті министрлік, жалпы Үкімет айтылған мәселелерді үнемі назарда ұстауы керек. Бұл жұмысты аса маңызды стратегиялық міндет деп түсіну қажет», – деді.

    Сондай-ақ Президент: «Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын болары айдан анық. Ұлы Абай 38-ші қара сөзінде адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Сіздер жас буынға терең білім беріп, саналы, озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Осылайша, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға атсалысып келесіздер», – деп атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →